Атырау облысының батысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с.
Қарағанды облысының шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15 м/с. Облысының шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады
Ұлытау облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15 м/с күтіледі. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық.
Ақтауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.
Ақмола облысында күндіз қатты ыстық 35 градус күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Оралда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Ақтөбеде жоғары өрт қаупі күтіледі.
Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, солтүстігінде екпіні 17-22 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада күндіз 40-41 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысында 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.
Түркістан облысының батысында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, күндіз облыстың тау асуларында екпіні 25 м/с. Күндіз 40-41 градус қатты ыстық күтіледі. 27 шілдеде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістанда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаев қ.: 27 шілдеде солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 27 шілдеде күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Бұған дейін 27 шілдеде Қазақстанның қай өңірлерінде жаңбыр жауатынын жаздық.