Еліміздің екі қаласында ауа сапасы төмендейді
03:08, 26 Сәуір 2026
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
— 26 сәуірде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы, Талдықорған қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Айта кетейік, еліміздегі су тапшылығы, жердің шөлейттенуі және ауаның ластануы секілді экологиялық мәселелердің шешімдері туралы мына сілтемеден оқисыз.