Атап айтқанда, Ақмола облысы бойынша «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолының 16-200 шақырым аралығындағы учаскесінде (Астана қаласы-Павлодар облысы шекарасы) көлікпен жүруге рұқсат.
Сондай-ақ Павлодар облысы бойынша «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолының 200-254 шақырым аралығындағы учаскесінде (Ақмола облысы шекарасы-Шідерті ауылы) жол ашылды.
Еліміздегі жол қозғалысына байланысты ақпараттарды тәулік бойы 1403 байланыс орталығына хабарласып білуге болады.
Айта кетейік, кеше түнде Павлодар облысында көлік қозғалысы қайта ашылды.