Еліміздің солтүстігінде 5 градусқа дейін үсік жүріп, оңтүстікте жаңбыр жауады

АСТАНА. KAZINFORM – Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігіне ауқымды антициклон ықпал етіп, жауын-шашынсыз күн райы сақталады.

Фото: pexels.com

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, республиканың тек оңтүстік бөлігі ғана циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады, онда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сондай-ақ республика бойынша жел күшейеді. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында және шығысында түнде және таңертең тұман түсіп, 17-19 қыркүйекте ауаның температурасы 2-5 градусқа дейін төмендейді. 

Күндіз республиканың батысында ауаның температурасы 20 28°С, солтүстік-батыста 12 23°С, шығыста 5 20°С, оңтүстігінде 20 30°С. республиканың солтүстігі мен орталығында 10 20°С, оңтүстік-шығыста 17 28°С.