Еліміздің тағы екі өңірінде көлік қозғалысына шектеу қойылды

Фото: Әскербек Қаракөз / Kazinform

АCТАНА. KAZINFORM – ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясы ауа райының нашарлауына байланысты тағы екі өңірдегі республикалық маңызы бар жолдардың жекелеген учаскелерінде көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады.

Ақмола облысы:

30 желтоқсан күні сағат 04:30-да республикалық маңызы бар «KAZ 01 «Астана-Қарағанды-Алматы» 30-92-шақырым аралығында (Жібек-Жолы аулынан Анар стансасына дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды. 

30 желтоқсанда, сағат 04:45-да республикалық маңызы бар ««Астана-Қорғалжын» 36-180-шақырым аралығында (Ақмол ауылынан-Қаражар ауылына ) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.

30 желтоқсан күні сағат 04:45-да республикалық маңызы бар «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» 35-51-шақырым аралығында (Қабанбай батыр ауылынан Қарағанды обл, шекарасына дейін ) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Қарағанды облысы:

30 желтоқсан күні сағат 04:45-да республикалық маңызы бар «Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» 51-101-шақырым аралығында (Ақмола обл.шекарасынан Нұра ауылына дейін.) барлық көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылды.

Жолды бүгін сағат 08:00-де ашу жоспарланған. 

Айта кетейік, елімізде ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылған өңірлер қатары артып келе жатқанын жаздық.