Еліміздің үш қаласында ауа сапасы төмендейді

АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

Фото: Magnific.com

— 11 тамызда Өскемен, Ақтөбе, Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Айта кетейік, Орал қаласының аумағында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өрттен кейін нысанға жақын орналасқан аумақтарда атмосфералық ауа сапасына қайта зертханалық зерттеулер жүргізілді.

Сондай-ақ Қарағанды облысында экологиялық заңнама талаптарын бұзған кәсіпорынға 8,65 млн теңге айыппұл салынды.