Еліміздің үш облысында ауа райына байланысты жолдар жабылды

АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылғы 10 ақпанда ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше республикалық маңызы бар автожолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі.

Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

Батыс Қазақстан облысы: 

— «Ақтөбе — Орал — РФ шекарасы» автожолының 393-526 шақырым аралығы (Жымпиты ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін).

Ақтөбе облысы:

— «Ақтөбе — Орал — РФ шекарасы» автожолының 526-710 шақырым аралығы (Құршасай ауылы — Батыс Қазақстан облысының шекарасы).

Шығыс Қазақстан облысы:

— «Өскемен — Риддер — РФ шекарасы» автожолының 15-105 шақырымы аралығы (Белоусовка ауылынан Риддер қаласына дейін);

— «Өскемен — Риддер — РФ шекарасы» автожолының 129-169 шақырымы аралығы (Риддер қаласынан Батыс Алтай қорығына дейін).

Жолды 2026 жылғы 10 ақпан сағат 20:00–де ашу жоспарланған.

Ақтөбе облысы:

10 ақпан сағат 13:45–те ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 776-965 шақырым аралығындағы (ЭКО ойл жанармай стансасы — Қарабұтақ ауылы) және автожолдың 965-1240 шақырым аралығында (Қарабұтақ ауылынан Қызылорда облысының шекарасына дейін) барлық көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды. 

Жолды 2026 жылғы 11 ақпан сағат 08:00–де ашу жоспарланған.

Бұдан бұрын боранды күні Ақтөбеде жол-көлік апатынан төрт адам мерт болғанын жазғанбыз.