— Жалпы халықаралық резервтер наурыздың соңында 129,5 млрд долларды құрады. Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері 67,2 млрд долларға дейін 2,7 пайызға ұлғайды. Ұлттық қордың активтері 2,5 пайыз азайып, 62,3 млрд доллар болды. Бірінші тоқсанда Қорға келіп түсетін түсімдер 184 млрд теңге, ал Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін трансферт көлемі 800 млрд теңге болды, — деді ол.
Оның дерегінше, жыл басынан бері Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері 25,8 трлн теңгеге дейін 2,6 пайызға өсті.
— Инвестициялық табыс көлемі 271,4 млрд теңгені құрады, — деді Ерұлан Жамаубаев.
Айта кетейік, биылғы бірінші тоқсанда жалпы ішкі өнім нақты 3 пайызға өсті.
Сонымен қатар, Ерұлан Жамаубаев теңге бағамының нығаюына ықпал еткен факторларды атады.