«Астана» Халықаралық әуежайы» АҚ бас бухгалтеріне қатысты екі жасалған қылмыс бойынша тергеуді аяқтады. Біріншісі - қаржы-шаруашылық қызметке тексеріс жүргізбеу үшін Нұр-Сұлтан қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің лауазымды тұлғаларына 16 млн теңге сомасында пара беру фактісі бойынша. Екіншісі - жұмысты нақты орындамастан, 30-дан астам компанияның есепшоттарына аудару арқылы әуежайдың 1,7 млрд теңге сомасындағы қаражатын жымқыру фактісіне қатысты», - деді Қ. Жапақов
Оның атап өтуінше, осы іс бойынша іс-әрекеті ұқыпсыздық ретінде танылған «Астана» Халықаралық әуежайы» АҚ бұрынғы Басқарма төрағасына қатысты іс сотқа берілді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, елордада халықаралық әуежайының бас бухгалтері мен әуежайдың тағы бірнеше қызметкері 1,7 млрд теңге сомасындағы қаражатты жымқыру фактісі бойынша тергеліп жатқандығы мәлім болған еді .