Elorda Cup кубогында Қазақстан қыздар құрамасы сегіз «алтын» медаль алды
Ел құрамасынанан Алуа Балқыбекова (48 келі), Назым Қызайбай (50 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Виктория Графеева (57 келі), Римма Волосенко (60 келі), Наталья Богданова (66 келі), Жасмин Қизатова (70 келі) және Елдана Талипова (81 келі) жеңіс тұғырына көтерілді.
Қалған төрт салмақта қытайлық боксшылар чемпион атанды. Олардың қатарында Ву Ю (52 келі), Ян Ченьгю (63 келі), Ли Киань (75 келі), Ван Лина (81 келі) бар.
Халықаралық турнирде барлығы 10 елден 200-ден астам спортшы жарыс медаліне таласты.
Олардың арасында Өзбекстан, Қытай, Үндістан, Моңғолия және өзге де мемлекеттердің өкілдері бар.
Еске салсақ, бүгін, 2 шілде халықаралық турнирде Теміртас Жүсіпов (48 келі), Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі), Сәкен Бибосынов (51 кел), Махмуд Сабырхан (57 келі) чемпион атанды.