Қазіргі кезде емханалық буынды кеңейту мәселесі өткір тұрғанына тоқталған әкім, «бүгінде астаналық 9 емхананың жиынтық қуаты 300 мың тұрғынға қызмет көрсетуге есептелген. Ал бүгінде тіркелмеген азаматтарды есептемегенде Астанада 800 мыңнан астам адам тұрып жатыр. Нәтижесінде, қаланың барлық емханалары екі еселік жүктемемен жұмыс істеуде», - деп түсіндірді қала әкімі.
Белгілі болғандай, елордада салынып жатқан жеті нысанның үшеуі емханалық мекеме болып табылады. Екеуінің құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталған, ал қалған 5 нысанда құрылыс жұмыстары жалғасуда.