Елорда іргесінде орналасқан демалыс орны өртеніп жатыр
15:56, 10 Маусым 2020
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Елорда іргесіндегі Жібек жолы ауылында орналасқан «Astana resort» демалыс орны өртеніп жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан хабарлайды.
Полиция қызметкерлері қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында сол маңдағы тұрғындар мен коммерциялық нысандардың қызметкерлерін басқа аумаққа көшіруде.
Айта кетсек, демалыс орны Ақмола облысы Аршалы ауданы аумағында орналасқан.