«Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында қала аумағында тіркелген қылмыстардың 119 фактісі алкогольге мас күйде жасалған. 36 құқық бұзушылық кезінде күдіктілер көңіл көтеру орындарында алкогольді ішімдік ішкен», деді ол Нұр-Сұлтан қалалық кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің отырысында.
Оның дерегінше, елордада түнгі сағат 1-ден таңғы 6-ға дейінгі аралықта қылмыс көп жасалады.
«Мәселен, осы жылдың 14 наурызында таңғы сағат 5-те «Хиты ХХ века» түнгі клубының жанында орын алған жаппай төбелес кезінде азамат А-ға бел тұсынан пышақ ұрған. 31 наурызда сағат 04-30-да азамат Б-ға «Золото» мейрамханасының жанында кеуде тұсынан бірнеше мәрте пышақ салған», - деді Тахир Әбдірахманов.
Айта кетерлігі, отырыс барысында елордадағы дәмхана, мейрамханаларда сағат 23-00-ден таңғы сағат 8-00-ге дейінгі аралықты алкоголь өнімдерін сатуға шектеу қоюға қатысты мәселе талқыланды.