— Құқық бұзушылық пен ұрлық-қарлықтың алдын алу мақсатында полиция қоғамдық орындарда қауіпсіздік шараларын күшейтті. Сауда орындары, азық-түлік және гүл дүкендерінде, ломбардтарда, зергерлік дүкендер мен ақша айырбастау пунктерінде, жанар-жағармай құю бекеттері мен шағын кредиттік ұйымдарда рейд жүрді. Сонымен қатар шағын және орта бизнес объектілерінің жанында патрульдеу ұйымдастырылды, - делінген хабарламада.
Осы орайда тәртіп сақшылары жаңа жыл қарсаңында теріс пиғылды адамдар мерекелік кейіпке еніп алаяқтық жасауы мүмкіндігін айтып отыр.
— Сол себепті бейтаныс жандармен байланысқанда, әсіресе аяз ата мен ақшақар кейпіндегі әртістерді жалдағанда қырағылық танытуға шақырамыз, — дейді полиция департаментінен.
Айта кетейік, Үкімет басшысы Олжас Бектенов полиция кез келген, тіпті кішігірім құқық бұзушылықтарға бірден ден қоюы тиістігін айтты.