Елорда түлектері жоғары білім ақысына көмек алу үшін не істеу керек
«Ол үшін өтініш беруші қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына өтінішпен бірге жеке куәлігін, отбасы мүшелерінің жалпы табысы туралы мәлімет, ата-анасы болмаса, олардың қайтыс болғаны туралы куәлік көшірмесін, көпбалалы отбасы болса, соны куәландыратын құжат көшірмесін, туу туралы куәлік көшірмесін (жетім балалар үшін), Астана қаласында орта мектепті тәмамдағаны туралы аттестатты, ҰБТ сертификатын, екінші деңгейлі банктен немесе «Қазпошта» акционерлік қоғамынан ашқан шот нөмірін ұсынуы керек», - деді басқарма өкілі.
Бұл жерде әлеуметтік көмек еңбек нарығында неғұрлым сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқитындарға берілетінін айту керек. Аталмыш көмек ҰБТ-дан қажетті шекті бал жинай алмаған түлектерге берілмейді.
Жоғарыда аталған құжаттарды қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 9 мекенжайы бойынша өткізу керек.
Айта кетейік, биыл Астана бюджетінен әлеуметік тұрғыдан мұқтаж санаттағы мектеп түлектеріне жоғары білім ақысы бойынша көмек беру үшін 115 млн теңге бөлінбекші.