Елорда тұрғыны Есілге батып кетті

Фото: Әділет Беремқұлов / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Астаналық құтқарушылар суға батқан ер адамның денесін тапты. Бұл ақпаратты қалалық Төтенше жағдайлар департаменті растады.

- Бүгін патрульдеу барысында Сарыарқа ауданында Шығанақ көшесі маңында суға батқан ер адамның денесі табылды. Құтқарушылар 1986 жылы туған ер адамның денесі судан шығарылып, медициналық көмек көрсетілді. Өкінішке қарай, ер адамды аман алып қалу мүмкін болмады, - делінген хабарламада.

Қазір оқыс оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Осы орайда Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарынан суға шомылу ережелерін сақтауды сұрайды:

- Рұқсат етілмеген жерлерде шомылмаңыздар;

- Мас күйінде суға түспеңіздер;

- Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар.

- Төтенше жағдайда «112» нөміріне хабарласу керек.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елорда тұрғыны әйелін пышақтап, өзі 25-қабаттан секіріп кетті. Қазір оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.