«Ағымдағы жылдың 27 қазанында сағат 17:50-де Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің Жедел басқару орталығының 102 нөміріне ер адамның газ баллонын жаруға әрекет жасағандығы туралы хабарлама келіп түскен. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін көрші пәтерлерден 30-ға жуық тұрғын, соның ішінде балалар эвакуацияланды. Полиция қызметкерлері құтқарушылармен бірігіп, елорданың 28 жастағы тұрғынын ұстады. Оның бұл әрекетті отбасылық жанжалдан кейін жасамақ болғаны анықталды.
Полиция бөліміне жеткізілген ер адам заң жүзінде тиісті жазасын алады.