Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Ішкі істер департаментінен хабарлады «Жыл басынан бері ІІД жол-патруль полициясы қызметкерлері көлікті мас күйінде басқарған 76 жүргізушіні ұстады», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, көлікті жүргізуші куәлігінсіз мас күйінде басқарған 16 адамның ісі қаралып, әкімшілік қамауға алынды.
Еске салайық, өткен жылдың 12 айында Астанада жол қозғалысы ережелерін бұзудың 216 241 оқиғасы тіркелген, соның ішінде 2948 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарған.