Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, оқиға Астанадағы «Кейкі мерген» атқыштар клубында болған. 19 жастағы елорда тұрғыны «Tanfoglio Limited Custom» маркалы тапаншамен жаттығуды бастап, кенеттен өзін атып өлтірген.
Істің мән-жайын Полиция департаментінен сұрап, білген едік.
— 19 жастағы елорда тұрғынының мәйітін табу фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын объективті зерттеуге бағытталған тергеу амалдары жүріп жатыр, — делінген ресми хабарламада.
Айта кетсек, бірер күн бұрын астаналық полицейлер адам мүрдесін тапқан еді.
Сондай-ақ, туыстарын пышақтап тастаған Астана тұрғыны туралы жазған болатынбыз.