НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 30 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінде Қазақстанның барлық өңірлерінен қызмет етуге келген сарбаздардың салтанатты түрде әскери ант қабылдау рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық гвардиясына сілтеме жасап.
Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты шара сарбаздардың туыстары мен жақындарының қатысуынсыз онлайн режимде көрсетілді.
«Жас сарбаздардың әскери ант қабылдауы – әрбір әскери бөлімдегі маңызды оқиға. Жауынгер үшін әскери ант – мызғымас өмір заңы, оны аттап өтуге мүлдем болмайды. Ант қабылдаған сарбаз әскери қызметтің ауыртпалығы мен шектеулерін тайсалмай көтеруге міндеттеледі, әскери қызметтің мәні мен мақсатын құрайтын міндеттерді мойнына жүктейді», – деп атап өтті 5573 әскери бөлімінің командирі, полковник Нұрлан Мұхамедов ант қабылдау рәсімінде.
Айжан Серікжанқызы
Айжан Серікжанқызы Қасым Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Мамандық бойынша РФ Татарстанның Қазан қаласында, Польшаның Вроцлав қаласында тағылымдамадан өткен. 2017 жылдан бері ҚазАқпарат агенттігінде жұмыс істейді.