Осы жылдың 8 қазанында сағат 12:10-да патрульдік полиция мамандандырылған батальонының қызметкерлері Тұран даңғылымен Сығанақ көшесіне қарай келе жатқан автобустың қарсы жолаққа шығып кеткенін анықтады. Автобус жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік кодексінің 596-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Жедел-профилактикалық шара басталғалы автобус жүргізушілерінің 300 бұзушылығы анықталды.