Елордада балабақшалардың жұмысы қашан жанданады
«Бас санитар дәріг ердің қаулысымен мектепке дейінгі білім ұйымдарының жұмысына шектеу қойылған болатын. Бұл ретте кезекші топтардың жұмыс режимі елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалға байланысты болады. Яғни, жұмыс режимі Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігерінің қаулысымен айқындалады. Ата-аналарға мектепке дейінгі білім мекемелерінің жұмысындағы өзгерістер туралы қосымша хабарлаймыз», - деді Шолпан Қадырова қала әкімдігінің Facebook парақшасында өткен баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетсек, бұған дейін басқарма басшысы елордада жаңа оқу жылында 202 мың оқушы қашықтан оқитынын хабарлаған еді.
«2020-2021 оқу жылында елорда бойынша 202 мың мектеп оқушысы болады деп күтілуде. (Өткен жылы - 182 279). Бірінші сыныпқа 27 мыңнан астам оқушыны қабылдау жоспарланып отыр. Бүгінге дейін 12 453 өтініш берілді. Құжат қабылдау электронды үкімет Egov.kz порталы арқылы және қағаз түрінде мектептерде жүргізіліп жатыр», - деді Шолпан Қадырова.