Елордада баукеспе ұрылар сейфтер мен терминалдарды ғана тонап келген

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы полицияға кәсіпкерлерден кеңсе, дүкендері тоналғаны жөнінде бірнеше шағым түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қылмыскерлербейнебақылау камералары мен дабыл жүйесінің жоқтығын пайдаланып, терезе арқылыішке кірген. Сейфтер мен төлем терминалдарын қиратқан. Олар ірі көлемдегі ақшаны,қымбат техника мен бұйымдарды қолды еткен.

Полицейлердіңназарына үш астана тұрғыны түскен. Олардың екеуі бұрын ауыр қылмыс жасағандарыүшін сотталған.

Қылмыскерлер 7тамызға қараған түні Б.Момышұлы даңғылында орналасқан компания кеңсесініңпластик терезесін майыстырып, темір торын бұзып кірген. Сейфті сындырып, ірісоманы, екі ноутбукты және басқа да тауарлық-материалдық бұйымдарды алыпкеткен.

10 тамызда іздестірушарасы барысында 3 қылмыскер қаланың әр жерінен ұсталып, тінту кезінде айғақ заттартәркіленді.

КүдіктілерНұр-Сұлтан ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақыттаолардың басқа да қылмыстарға қатыстарының бар-жоғы анықталып жатыр.

Тәртіп сақшыларыосындай жолмен заттары ұрланғандар болса қалалық полиция департаментіне немесе 8(7172) 71-60-28, 71-60-69, 102 нөмірлеріне хабарласуын сұрайды.

Соңғы жаңалықтар