Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы Instagram желісіндегі парақшасына жазды.
«Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласындағы № 5, 5А, 7, 12, 20, 21, 25, 31, 40, 71, 72 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді. Бағдарлардың өзгерген қозғалыс сызбасымен суреттен таныс болады», - деп жазған ведомство төмендегі картаны ұсынған.
Айта кетейік, осы уақытқа дейін елордада жол жөндеу жұмыстарына байланысты екі учаске жабылғанын хабарлаған болатынбыз.
Оның алдында екі көше жартылай жабылған.