Жергілікті полиция қызметі басқармасы «Road brothers MCC Kazakhstan» байкерлер клубымен бірге ұйымдастырған іс-шараның мақсаты - жол-көлік оқиғасының алдын алу және жолын кесуге қоғамның назарын аудару. Автошеруге эвакуатормен авариялық жағдайдағы көліктер, сондай-ақ, апаттардың алдын алуға арналған билбордтары бар автобустар, Полиция департаментінің мотоцикл жүргізушілері мен танымал байкерлер қатысты.
Автошеру «Бәйтерек» монументінде аяқталып, сол жерде «Жолда қабылдау» акциясы жүргізілді. Іс-шара барысында елорда тұрғындары мен қонақтары көкейкесті мәселелер бойынша жедел түрде полициямен тікелей байланыса алды.
Айта кетерлігі, жыл басынан бері елордада 188 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 7 адам қаза тапты және 200 адам түрлі деңгейде дене жарақатын алды.