«Ағаштан салынған екі қабатты моншаның төбесі мен шатыры өртенді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша өрт тараған аумақ – 150 шаршы метр. Сағат 22.06-да жалын толығымен ауыздықталды», - деп мәлім етті қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.
Әлеуметтік желілерде тарап жатқан видеода өрт Тұран көшесінде орналасқан «Орлов моншалары» кешені екені жазылған.