Гүлдер павильонында сатушы болу үшін уақытша сынақ мерзімінде жүрген қыз жұмыстың екінші күнінде дүкен иесінің сеніміне кіріп, бейнебақылау камерасының жоқтығын пайдаланып, кассадан ақша ұрлаған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған бойжеткен кінәсін мойындады. Оның елорда аумағында осыған ұқсас бұрынғы қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.