Елордада гүрілі қатты автокөліктерге айыппұл салынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қауіпсіз жол» алдын алу шарасы аясында екі күннің ішінде елорда полицейлері жолдағы қозғалыс кезінде қатты гүрілдеген дабыс шығарып жүретін 50 көлікті, яғни қозғалтқыштарындағы дабыс бәсеңдеткіші жоқ автомобильді анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда,«Қауіпсіз жол» барысында рейд жүргізіліп жатыр. Осы орайда жолда жүру ережесінбұзғандарды анықтау мен жолдағы тәртіпті сақтауға екпін қойылды. Сонымен қатар,техникалық реттеу саласында ескерілген регламенттер мен стандарттарға жауапбермейтін көлік құралдарын да анықтауға назар аударылды.

«Екі күннің ішіндеНұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері ереже бұзғаносындай 50 жүргізушіні анықтады. Бұлтұрғыда аталған көліктердің жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды»,- делінген хабарламада.

Көліктердегікемшіліктерді жойғанша дейін оларды пайдалануға тыйым салынды.

Полицейлердіңайтуынша, негізінен 2000 жылға дейін шығарылған БМВ, Субару және ВАЗ маркалыавтомашиналарының қозғалтқышының дыбысы қатты гүрілдеген. Бұған қозғалтқыштаншығатын дыбысты бәсеңдеткіш жүйесінің талаптарға сай болмауы әсер етуде.

Атап айтқанда,тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқарғаны үшін 15 айлықесептік көрсеткіш көлемінде айыппұл қарастырылған.