«Мемлекет басшысы қоғамдық көліктердің жұмысын ішінара қалпына келтіруді тапсырған еді. Ертеңнен бастап (12 мамырдан) біз бұл жұмысты қайта бастаймыз. Бұл ретте санитарлық талаптардың бәрі сақталады. Қоғамдық орында да, қоғамдық көлікте де бұл жұмыстың маңызы зор. Бүгін автобус парктерімен жұмыс алгоритмі жасалды», - деді Бақтияр Мәкен ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетсек Қазақстанда төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық көліктер жартылай жүктемемен жұмыс істейтінін мәлім еткен еді.