— Chery Tiggo автомобилінің жүргізушісі Керей-Жәнібек хандар көшесімен келе жатып, Қабанбай батыр даңғылымен қиылыста рөлге ие бола алмай көше жарық шамы бағанына соғылды. Соның салдарынан автомобиль аударылып қалды, — деп атап өтті департаменттен.
Ұсынылған мәліметке қарағанда, көлік жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында мерт болған.
— Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тексеру жүргізіліп жатыр, — деді ведомстводан.
Таяуда мас күйінде жол-көлік апатына ұшыраған астаналық 4 жылға сотталды.