Елордада көп қабатты үйден өрт шықты

Фото: Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Қазір тілсіз жау ауыздықталды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлайды.  

— Сарыарқа ауданы Абай көшесінің бойында орналасқан көппәтерлі тұрғын үйдің 20-қабатындағы балкон өртенді. Өрт сөндірушілердің кәсіби және жедел әрекетінің арқасында өрт сөндірілді, — дейді ведомстводан. 

Таңертең Астанадағы «Шапағат» базарынан өрт шыққан еді. Артынша базардағы өртке байланысты жедел штаб құрылды.

Одан бөлек, таяуда елордада пластик қалдықтары сақталған қойма өртенген еді. Сондай-ақ елордада екі жүк көлігі соқтығысып, жанып кетті