«12 қазан күні сағат 16:35-те елорданың өрт сөндіру қызметінің «101» пультіне Сарыарқа ауданы, Біржан сал көшесі, 6 мекенжайында өрт болғаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндіру қызметі дереу оқиға орнына шықты. Анықталғандай, тұрғын үй кешенінің 2 қабатындағы пәтер мен ломбард ғимаратынан өрт шыққан», - делінген хабарламада.
ТЖД-нің мәліметінше, тілсіз жау сағат 16:58-де ауыздықталып, сағат 17:05-те толық сөндірілген.
«Өрт сөндірушілер 1 адамды құтқарды, 15 адам эвакуацияланды. Өртпен күреске 8 техника және жеке құрамның 22 өрт сөндірушісі тартылды», - деп хабарланды аталған мекемеден.