«Патруль жасақтары менучаскелік инспекторлар күніне 500 қоңырау бойынша шара қабылдап, жұмысжүргізеді. Бұған оның үстіне жедел тергеу топтарының жұмысын қоса есептегендетіпті көп. Тек көшедегі жасақтар ғана 102 қызметіне түсетін 500 қоңырау бойыншашақырылған жерге барады», - деді Гұсман Жакин департаментте өткен баспасөзмәслихатында.
Басқарма басшысыхалықтың түскен қоңырауларды қабылдау және ол бойынша шара қабылдау қалайжүргізілетінін де түсіндірді.
«Біздіңқызметкерлер әр шақыру бойынша орындарға барады. Жедел кезекшілер бұл ретте арнайыкарточканы толтыратынын айта кету керек», - деді ол.
Ғұсман Жакинніңайтуына қарағанда, кейбір жағдайда тұрғындардың өзі болған оқиғаға қатыстытүсіндірме бергісі келмейді.
«Кейде тұрғындарқызметкерлерімізді шақырып алып, келгеннен кейін жағдайды түсіндіруден бастартып жатады. Тіпті есікті ашпай қоятындары да бар. Көктем мен жаз айларындаүйдің желкөз терезесі ашық тұрады. Міне, сол себепті тыныштықтың бұзылуынабайланысты қоңыраулар жиі түседі. Бұл үшін арнайы әкімшілік жауапкершілік барынескеру керек. Көп жағдайда біздің қызметкерлерге ондай қоңыраулар түнде түседі.Ал шу шыққан үй иелері есігін ашпай қояды. Сол себепті, біз таң атқан кезде ПИКқызметкерлерімен бірге қайта әлі шу шыққан пәтер бойынша жұмыс жүргіземіз.Бірақ, бұл ретте біздің қызметкерлер құлақ аспай қоятын жағдайлар жоқ екенінатап өту керек», - деді ол.
Ғұсман Жакинсонымен бірге шақырылғаннан кейін тәртіп сақшылары қанша уақыттың ішінде келуікеректігін де айтып өтті.
«Біздің қаланыңерекшелігіне байланысты біз қызметкерлердің алдына 7 минуттың ішінде барудыміндеттегенбіз. Орташа есеппен полиция қызметкерлері 15 минуттың ішінде келеді.Бірақ, бәрі де тәуліктің уақытына және автокөліктің трафигіне байланысты», -деді ол.
Аян Бекенұлы