Елордада қызметтік иттің көмегімен қарақшылық жасағандар «ізі суымай» ұсталды

АСТАНА. 6 ақпан. ҚазАқпарат - Астана қаласы ішкі істер департаменті Сарыарқа ауданының ІІБ-не қарақшылық шабуыл жөнінде ақпарат келіп түсті, деп хабарланды қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Жәбір көрген жекеменшік такси жүргізушісінің сөзіне қарағанда, екі жас жігіт көлікпен керек жерлеріне жеткізіп салуды сұраған. Сұраған мекен-жайына келген жігіттер жүргізушіге пышақпен қоқан-лоқы көрсете отырып, үстіндегі бас киімін және әмиянын тартып алған. Бұзақылар бірден іздерін суытып кете берген.

Жәбірленуші бірден полицияға шағымданған. Оқиға орнына автопатруль, қызметтік итпен бірге кинолог шыққан.

Сарыарқа ауданына қарасты ІІБ-нің қызметкерлері үйді тінту кезінде ұрланған заттарды анықтады. Ұсталған жігіттер тергеу барысында өз кінәларын мойындады.

Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 178 бабы, 2 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олар Астана қаласы ІІД-нің уақытша оқшаулау абақтысына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.