Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Газель көлігінің жүргізушісі Республика даңғылынмен келе жатып, оңға бұрылу кезінде маневр жасаудың қауіпсіздігіне көз жеткізбеген. Соның салдарынан BusLane жолағымен келе жатқан Lexus көлігі бүйірінен келіп соққан.
«Жол-көлік оқиғасы кезінде Газель жолаушысы мен Lexus жүргізушісі зардап шекті. Олар ауруханаға жеткізілді. Тергеу жүргізіліп жатыр», - деді департаменттің баспасөз қызметінен.