«Аталған іспен полиция департаментінің тергеу басқармасы айналысқан болатын. Барлық сараптама жұмыстары мен тергеу амалдарын жүргізгеннен кейін аталған іс өндірісін тоқтату туралы шешім қабылданды. Қылмыстық іс тоқтатылды. Құзырлы орган - Нұр-Сұлтан қалалық прокуратурасына аталған шешімнің заңдылығын тексеру үшін іс құжаттары жолданды», - деді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті төрағасының орынбасары Ғазиз Нұрқаев елордада өткен баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетейік, 4 ақпан күні түнде елорданың Сарыарқа ауданындағы «Көктал-1» тұрғын үй алабында жеке үйдің ауласында тұрғызылған уақытша баспанадан өрт шыққан болатын.
Өртті сөндіру барысында 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылы туған 5 қыз баланың денесі табылды. Олардың кішісі небәрі 11 айлық сәби еді. Өрт кезінде бес баланың ата-анасы түнгі жұмыста болған.