«2017 жылы елордада ІТ және қауіпсіздік саласындағы алғашқы »Сергек« мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы басталды. Бүгінгі таңда 400 көше қиылысы мен 300 желілік учаскеге жол қозғалысы ережесі мен логистиканы бақылауға бағытталған 6 118 бейнекамера орнатылды», - дейді Нұр-Сұлтан қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқарма басшысы Елжан Шүпеков.
Сондай-ақ, ол бейнебақылау жүйесімен қанша жол қозғалысының ережесі бұзылғаны анықталғанын айтты.
«2019 жылдың басынан бері 1 000 219 бұзушылық анықталған. Ереже бұзу туралы хабардаманы жеткізу Полиция департаменті және »Қазпошта« АО-мен келісімшартқа отыру арқылы қарастырылған. Сондай-ақ, хабарламаны SMS-хабарлама арқылы жеткіземіз», - деді ол.