«Білім сапасын арттыру мақсатында Астанада бірқатар білім беру ұйымында «Смартфонсыз мектеп» жобасы іске асып жатыр. Оқушылар сабақтың алдында ұялы телефондарын арнайы ұяшықтарға салып қояды», - дейді басқармадан.
Жаңа жоба елорданың бірқатар мектебінде енгізілді. Атап айтқанда, №1, №4, №7, №8, №17, №18, №25, №28, №29, №32, №34, №43, №46, №48, №52, №58, №70, №73, №76, №77, №87, №93, №103, №103 және №108 білім ордасы.
«Мұндай іс-шара оқушылардың ойлау қабілеті мен психологиялық жай-күйіне оң әсер етеді», - деп толықтырды қалалық ведомстводан.
Сондай-ақ Білім басқармасының хабарлауынша, аталған жобаны мектептерге енгізу міндеттелмейді.
Еске сала кетсек, былтыр қарашада оқушыларға сабақ үстінде телефон қарауға шектеу енгізілді. Аталған заң жобасы Мәжілістің жалпы отырысында қабылданды.