ҚР ІІМ Ішкі әскерлері баспасөз қызметінің хабарлауынша, қолында автомат ұстаған қазақстандық жауынгер бейнесінің төменгі жағында осыдан 19 жыл бұрын ұрыс кезінде қаза тапқан сарбаздардың есімдері жазылған.
«Сол кезде отыздан астам әскери қызметші жарақат алды. Жеке құрамдағы адам шығынына қарамастан Ішкі әскерлердің әскери қызметшілері өздерінің жауынгерлік борыштарын абыроймен орындап, белгілі бір тараптың банда тобына табандылықпен қарсылық көрсетті», - делінген хабарламада.
Ескерткіштің ашылу рәсіміне Ішкі әскерлердің бас қолбасшылығы мен ардагерлер, Парламент депутаттары, шетелдік әскери атташелер, «Нұр Отан» партиясының басшылығы, сонымен қатар елордадағы ЖОО-лардың суденттері қатысты.
1993-1999 жылдары аралығында ҚР Ішкі әскерлерінің 2 мыңнан астам әскери қызметшілері ТМД-ның сыртқы шекарасын қорғау жөніндегі үкіметтік тапсырманы орындады. Олар үшін 1995 жылдың 7 сәуір қаралы күнге айналды. Тәжікстанның Пшихавр тау шатқалында бандалық топтың қарулы тосқауылына тап болған олардың 17-сі сол жерде қаза тапты. 4 сағаттан астам уақытқа созылған ұрыс барысында 30-дан астам жауынгер жарақат алды. ҚР Президентінің Жарлығымен көптеген жауынгерлер, оның ішінде қаза тапқан 17 әскери қызметші орден, медальдармен марапатталды.