Елордада Тоқтаров көшесі жөндеуге жабылады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астанада жөндеу жұмыстарына байланысты Тоқтаров көшесіндегі жол учаскесі жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мәлім етілгендей, Т.Тоқтаров көшесінің Сусамыр көшесінен Қ.Кеменгерлұлы көшесіне дейінгі аралығындағы жолға орташа жөндеу жүргізіледі. Осыған байланысты 14-24 маусым күндері аталған учаскелерде көлік қозғалысы толығымен тоқтатылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, жол жұмыстарына байланысты 10-20 маусым аралығында Тұран даңғылының Сарайшық көшесінен бастап Қорғалжын тасжолына дейінгі учаскесі көлік қозғалысы үшін ішінара жабылады. 11 автобус бағытына өзгеріс енгізілді.

Бұдан бөлек, 20 маусымға дейін Мәңгілік ел даңғылының Ә.Кекілбаев көшесінен Ф.Оңғарсынова көшесіне дейінгі учаскесінде қозғалыс шектеледі.

Ал 16 маусымға дейін Жәнібек Тархан көшесінің Асан Қайғы көшесінен Ахмет Жұбанов көшесіне дейінгі аралығы толығымен жабылады.