«Елордада Тұран даңғыл бойындағы жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Сығанақ көшесінен Керей-Жәнібек көшелеріне дейінгі учаскеде жылдамдық режимі сағатына 80 шақырымнан 60 шақырымға дейін төмендетілді. Жылдамдық режимін бұзу фактілерін тіркеу осы жылдың 10 маусымынан басталады. Бұған дейін аталған учаскеде екі бағытта да қоғамдық көліктерге арналған «Bus line» жолағы енгізілген болатын», - делінген департамент ақпаратында.
Департамент мәліметінше, елорда тұрғындарының 65-70 пайызы күн сайын қоғамдық көлік қызметін пайдаланады. Осыған орай Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі қоғамдық көліктің қозғалысына арнаулы жолақтар енгізіп жатыр. Қоғамдық көліктерге арналған мұндай жолақтарды арнаулы қызметтердің көлік құралдары да пайдалана алады.