«Сот қаулы шығарып, оларға айыппұл төлеуге уақыт береді. Егер де олардың қалтасында ақшалары болса, бірден айыппұлдарын төлейді. Ал ақшалары болмаған жағдайда, біз заңнамаға сәйкес, бір ай күтеміз. Кейіннен айыппұлды төлеуге міндеттейміз», - деді ол.
Б. Есенбайдың айтуынша, ұсталған қайыр сұраушылардың арасында мүлдем ақшалары жоқ адамдар бар. Туысқандары оларды тауып, айыппұлдарын төлеп жататын да кез болады.
«Ұсталғандардың шамамен 60 пайызға жуығы айыппұлдарын өтейді», - деп нақтылап өтті Б. Есенбай.
Сонымен қатар ол қызметінен тыс уақытта қала көшесімен серуендеп жүргенде ешқашан да қайыр сұрап жүргендерге ақша бермейтіндігін және дереу оперативтік қызметкерді шақыратындығын жеткізді.