«Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа елорда тұрғыны өзінің мәселесімен жолығып, баласының ұзақ уақыт бойы компьютерлік клубтарға барғанын айтты. Виртуалды құмар ойындарда жас жігіт қомақты ақшасынан ұтылып, жинаған мүлігінен айырылған. Осының салдарынан белшесінен қарызға батты. Министрдің тапсырмасы бойынша биылғы 27-30 наурыз аралығында елордада ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті мен қалалық Полиция департаменті заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандарды анықтау бойынша жедел-іздеу шараларын өткізді», - делінген таратылған хабарламада.
Арнайы шаралардың барысында 32 ойын терминалдары орнатылған 19 нысан тексерілді. Ойын бизнесі туралы Заңға сәйкес, еліміз аумағында интернет-казиноны ұйымдастыруға тыйым салынған. Ойын автоматтары Щучинскте және Қапшағайда орнатылады.
Тексеру кезінде заңсыз бизнесті ұйымдастырушы алты адам мен ойын атоматтары тұрған дүкенді жалға алушы 13 тұрғын анықталды. Заңнамаға сәйкес, ғимараттарын заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыруға бергені үшін аталған нысандардың иелеріне қатысты қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.