«Тергеу барысында дүкеннің жалға берушісі қасақана, пайда табу мақсатында заңсыз ойын терминалдарын орналастыру үшін ғимаратын бергені анықталды. Дүкеннің жалға берушісі мен бизнесті ұйымдастырушы жауапкершілікке тартылды», - делінген ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі мәліметінде.
Агенттік үй-жайларды жалға берушілердің де ғимаратты заңсыз ойындар немесе автоматтарға ұсынғаны үшін ҚР ҚК-нің 307-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екендігін хабарлайды.
Жалға берушілер қылмыстық жауапкершіліктен қалай құтыла алады?
1. Коммерциялық үй-жайларды жалдауға бергенде міндетті түрде жалға беру шартын жасаңыз.
2. Үй-жайды немесе коммерциялық аумақты тек заңмен рұқсат етілген қызметті жүзеге асыру үшін ғана жалға беріңіз.
3. Егер сіз үй-жайды жалға берсеңіз, ал жалға алушы онда заңсыз ойын автоматтарын қойса немесе астыртын казино ұйымдастырса – тез арада қаржылық мониторинг органдарына хабарласыңыз.
Ол үшін Агенттіктің ресми аккаунттеріне жеке хабарламада фото және мекенжайды жолдасаңыз немесе 7 (7172) 70-84-78 сенім телефонына хабарлассаңыз жеткілікті.