Суретшілер мен граффити шеберлері Астананың Алматы ауданындағы үйлер мен ғимараттардың қабырғаларына салынатын жаңа муралдарға өз жобаларын ұсына алады.
Қатысу үшін:
1. Муралдың немесе граффитидің эскизін дайындау.
2. Жұмыстың идеясын және тұжырымдамасын сипаттау: нені бейнелегіңіз келетінін және туындыға қандай мағына бергіңіз келетінін түсіндіру.
— Ұсынылған эскиздер іріктеліп, келісілгеннен кейін жобаны іске асыратын орын анықталады. Қосымша ақпаратты Алматы ауданы әкімінің кеңесшісі Аяна Қанаттан мына телефон арқылы білуге болады: 8 708 928 80 30, — делінген хабарламада.
Бұған дейін бутерброд ұстаған мысық Астанадағы жаңа муралдың кейіпкеріне айналғанын жазғанбыз.