«Жөндеу жұмыстары барысында жылу желісінің диаметрі 133 мм болатын бөлігі зақымдалды. Оқиға орнында «Астана-Телотранзит» АҚ-ның жедел бригадасы жұмыс істеп жатыр. Осыған байланысты Мәңгілік ел даңғылындағы 1 тұрғын үй кешені жылудан ажыратылды», - деп мәлім етті әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Еске салайық, Екібастұз қаласының жылу жүйелерінде болған ірі апаттың салдары әлі жойылып жатыр. Бүгін Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов жер үйлерді алдағы үш күнде жылуға толық қосуды тапсырды.
Фото: Астана қаласының әкімдігі