Елордада жол жөндеу жұмыстарына орай 4 автобустың жүру бағдары өзгерді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жол жөндеу жұмыстарына байланысты елордадағы 4 автобустың жүру бағыты уақытша өзгерді. Бұл туралы «City Transportation Systems» компаниясы өзінің Іnstagram-дағы ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті жолаушылар! Жол жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты, № 35, 36, 45, 305 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді. Өз бағдарларыңызды алдын-ала жоспарлауларыңызды сұраймыз», - деп мәлім етті «CTS» компаниясынан.

Еске салайық, бұған дейін Қабанбай батыр даңғылында жөндеу жұмыстарына орай № 10, 12, 314 автобус бағдарлары уақытша өзгергенін хабарлап едік.

Қоса кетсек, астанада кептеліс көп болатын кезеңдерден тыс уақытта көліктерге автобус жолағымен жүруге рұқсат беру мәселесі қарастырылып жатыр.