АСТАНА. KAZINFORM – Елордалық өрт сөндірушілер ЛРТ-да шыққан өртті сөндірді.
«Есіл ауданында 80 шаршы метр алаңда шүберек матада от тұтанып, жанып кеткен. Төтенше жағдайлар министрлігі мамандарының күшімен өрт шыққан жерге шақырту сәттен бастап 17 минут ішінде оқшауланды», — делінген хабарламада.
Өрт 20:24 сағатта толығымен өшірілді.
Бақытгүл Абайқызы
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Л.Н. Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистрі. "Ақпарат саласының үздігі" салалық төсбелгі иегері (2018 ж.)