Елордадағы тағы бір көше уақытша жабылады

Фото: Әділет Бірімқұлов/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы А.Герцен көшесінің М.Дулатов көшесінен Оқжетпес көшесіне дейінгі аралығында жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұл ретте А. Герцен/М. Дулатов көшелерінің қиылысы толығымен жабылады. Осыған байланысты, 20-25 қыркүйек аралығында бұл учаске толығымен жабылады.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады.

Еске салсақ, бұған дейін Астанадағы Әйтеке би көшесінің бір бөлігі уақытша жабылатынын хабарлағанбыз.