«Бүгін таңертеңгі сағат 09:30-да Нұр-Сұлтан қалалық ПД Жедел басқару орталығына Канада Елшілігі ғимаратының жанында шамамен 5 күн бойы ресейлік нөмірі бар «ВАЗ 21-10» маркалы иесіз көліктің тұрғаны жайында хабарлама түсті. Көлік тұрған жерге шұғыл жедел-тергеу тобы жіберілді. Жүргізілген тексеру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері салоннан құрылысшылардың арнайы киімі мен касканы байқады. Көлікте басқа күдікті зат болған жоқ», - деп атап өтеді департаменттен.
Ведомство мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта көлік айыптұрағына жеткізілген. Көліктің иесін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.